Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Шымкентте астық жиналуда

31.07.2017 | 14:34
                       Шымкентте астық жиналуда

 

«Ұлт жоспары 100-нақты қадам» бағдарламасында ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану көрсетілген. Осыған орай Оңтүстікте астық ору тек ауылдарда ғана емес, облыс орталығында да қызу жүріп жатыр. Науқанға өзге өңірлерден бұрын кіріскен шымкенттік шаруалар алқаптың 85 пайызын еңсеріп үлгерді. Астық түсімі де биыл көңілден шығады дейді жауаптылар.

Егістік жер көлемі Шымқалада биыл 40 мың гектарға жуықтады. Оның ішінде 7 мың гектарға жуық алқапқа астық егілген. Егін белуардан. Науқан шілденің соңына дейін жалғасады. Шаһар шаруалары биыл бітік шыққан егіс алқабының гектар түсімін 15 центнерге жеткізіп отыр. Бұл былтырғы түсімнен артық дейді мамандар.

Бұл – шаһар аумағындағы “Жиенбаев-К” өндірістік кооперативіне тиесілі астық алқабы. 173 гектарды алып жатқан егістікте ору науқаны қыз-қыз қайнауда. Кооператив төрағасы соңғы 5 жыл көлемінде бидайдың бітік шығып жатқанын айтады. Тек баға мәселесіне келгенде шаруалардың еңбегі ескеріле бермейтіні қынжылтады дейді.

Диқандар қазір маман тапшылығы қолды байлайтынын жасырмайды. Комбайншы, механизатор сияқты мамандардың жетіспеушілігі науқан кезінде қатты сезіледі дейді. Әзірге шаруалар бұл проблеманы жалдамалы жұмыс күшінің көмегімен шешіп отыр.

 
Көрілді: 371
Жаңартылған: 31.07.2017 | 14:35
Категориялар: Басты жаңалықтар, Экономика