Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Банктен кредит алғанда неге назар аудару қажет?

17.07.2017 | 14:01
Банктен кредит алғанда неге назар аудару қажет?

ҚР Ұлттық банкі әлеуметтік желіде "Банктік қарыз шартын оқу кезінде неге назар аудару қажет?" деп аталатын видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мамандардың айтуынша, банктен қарыз алу кезінде азаматтар шартпен толықтай жан-жақты танысып шығуы тиіс. "Шарт - маңызды құжат және оны жасауға, әсіресе, егер әңгіме банктік қарыз шарты жайында болса, жауаптылықпен қарау қажет. Клиенттерінің шарт талаптарымен жан-жақты танысуына мүмкіндігі болу үшін банктер көбіне үлгі талаптар жазылған шартты өздерінің ресми сайттарында орналастырады. Сонымен қатар шартта номиналдық сыйақы мөлшерлемесі және жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі міндетті түрде көрсетілуге тиіс. Банк қарызбен байланысты барлық тарифтер мен комиссиялар туралы клиенттерге хабарлауға міндетті. Шартта қол қоя отырып оның заңдық салдарларының бар екенін есте сақтаңыз. Шарт жасасуға жауапкершілікпен қараңыз. Назарларыңызға банктік қарыз шартын оқу кезінде неге назар аудару қажеттігі туралы роликті ұсынамыз", - делінген роликтің сипаттамасында. Сондай-ақ, банк өкілдері азаматтарға қаржылық тұрғыдан жауапты болуға және қаржылық сауаттылықты көтеруге кеңес берді.

 
Көрілді: 1453
Жаңартылған: 17.07.2017 | 14:07
Категориялар: Басты жаңалықтар, Экономика