Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қазақстандық миллионер «Форбс» журналының есебімен келіспейтінін мәлім етті

22.12.2016 | 14:53

 

 

Дінмұхаммед Ыдырысов - бүкіл елге, әсіресе бизнес әлеміне кеңінен танылған азамат.  Арыстың тумасы   «Форбс» журналы әзірлеген ең дәулетті қазақстандық бизнесмендердің тізімінде 11-орынға жайғасқан. Осыған қарап, Ыдырысовты Оңтүстіктен шыққан ең бай азамат деуге болады. Оның жиып-терген мүлкін әйгілі журнал 479  миллион долларға бағалап отыр. Бірақ, ел-жұрт «Делеу» деп атайтын миллионер журналдың өзінің дәулетіне қатысты жасаған есебімен келіспейтінін мәлім етті.

  "Олардың есебі  дұрыс емес. Себебі осы тізімді жасақтайтындар тек бар бизнесіңді жалпылама есептеп жазады да, алған қарыздарың мен несиелеріңді ескермейді. Бұл тізімнің шындыққа жанаспайтынын өздеріне де айтқанмын. Бірақ, журнал өзіндік тәсілдерге жүгінеді",-дейді миллионер «Рейтинг» газетіне берген сұхбатында. Қазір Д.Ыдырысовтың шетелде бизнесі бар. Солай бола тұра ол мақсатым туған елге инвестиция тарту дейді.  

-Шетелде бизнесті әркім әрқилы себеппен жүргізеді. Мәселен, мұнай шығаратындар шикізатты шетелде өңдеп, сатуға ұмтылады. Ал менікі керісінше, елге инвестиция тарту. Мен шетелге жүз миллион жұмсасам, орнына екі жүз миллион инвестиция тартып жатырмын  немесе несие аламын.  Сырттан инвестиция тарту оңай шаруа емес. Ол жақта сенің жұмыс тәжірибеңе қарайды. 5-10 жыл бойы жұмыс істегеніңе қарап барып қаржы береді. Сондықтан мендегі басты мақсат - туған елге көбірек ақша тарту,-дейді бизнесмен.  

 
Көрілді: 759
Жаңартылған: 22.12.2016 | 14:55
Категориялар: Басты жаңалықтар, Экономика