Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Доллар бағамы 380 теңгеге көтерілуі мүмкін

02.08.2016 | 09:41

 

ForexClub сарапшысы Айдар Қалиасқар доллардың теңгеге шаққандағы бағамы алдағы уақытта қаншалықты құбылатынын болжады. Бұл туралы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлады.

Сарапшының айтуынша, бүгінде инвесторлар үшін ең жағымсыз жайт мұнай бағасының төмендеуі болып тұр.

«43 доллар деңгейіне жеткенде төменірек мақсаттар қою керек - шамамен 40 доллар деңгейінде. Ал бұл дегенің тағы алты пайыздық төмендеуді білдіреді. Салдары теңге бағамына әсер етеді», - дейді Айдар Қалиасқар.

Маман бұл орайда саудадағы ең маңызды серіктестердің бірі Ресейге назар аударған абзал екенін алға тартты.

«Америкалық статистиканың да әсерін назардан тыс қалдырмаған жөн: еңбек нарығы бойынша мәліметтер жеткілікті дәрежеде күшті болып шықса, доллар нарықтың барлық саласында көтеріле түседі. Осылайша апта соңында доллар бағамы 360-380 теңгеге дейін жетуі әбден мүмкін», - деп түйді Қалиасқар.

Айта кетерлігі, бүгінде доллар бағамы 351,59 теңгені құрайды.

 
Көрілді: 839
Жаңартылған: 02.08.2016 | 09:42
Категориялар: Басты жаңалықтар, Экономика