Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 9 триллион 22 миллиард теңгені құрайды

19.05.2016 | 14:09

 

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 26,6 млрд. долларды құрайды.  Бүгін Парламент Мәжілісінде 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін таныстырған қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлім етті.

«2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 9 трлн. 22 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл АҚШ долларына шаққанда 26,6 млрд. долларды құрап, ІЖӨ 21,6 пайызына тең. Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі жөніндегі 2015-2016 жылғы есебіне сәйкес, Қазақстан «Мемлекеттік қарыз» индексі бойынша 140 мемлекеттің арасында 12-ші  орынға ие болып отыр», - деді Б. Сұлтанов.

Оның сөзіне қарағанда, борыштық жүктемелер де елімізде бұрынғыдай қауіпсіз деңгейде тұр. «Борыштарды қайтарудың кірістерге арақатынасы 10 пайыздан төмен, бұл ретте шекті деңгей 15 пайыз болып табылады», - деді министр.

Дереккөзі: ҚазАқпарат.

 
Көрілді: 967
Жаңартылған: 19.05.2016 | 14:10
Категориялар: Басты жаңалықтар, Экономика