Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қайтыс болған адамдардың күлінен жасалған гаухар тастар сатыла бастады

29.12.2018 | 12:23
Қайтыс болған адамдардың күлінен жасалған гаухар тастар сатыла бастады

Швейцариядағы Algordanza компаниясы қайтыс болған адамның мәйітінің күлінен гаухар тас жасаудың жолын тапты, деп жазады Stan.kz.

Ересек адамның мүрдесін өртегенде, шамамен 2-3 келі күл қалады екен. Бағалы тастарды жасау үшін, 1,5 келі күл қажет. Одан көмірді бөліп шығарып, артынша зертхана қызметкерлері оны көлемі 0,3-тен 1 каратқа дейін жететін гаухар тасқа айналдырады.

Компаниядағылардың сөзінше, көмір ең көп мөлшерде адамның шашында кездеседі. Бір немесе бірнеше ескерткіш тас жасау үшін, марқұмның 5 грамм шашы жеткілікті.

Сонымен қатар егер гаухар тас жасауға марқұмның күлі жетпесе, оны күнделігінен, суреттері мен жеке хаттарынан алуға болады. Мұндай идея авторларының айтуынша, осылайша жақын адамыңның бір бөлігін өмір бойы жаныңда қалдыра аласың.

Мұндай бағалы тастардың құны 3,5 мың швейцариялық франктан (шамамен 1,3 миллион теңге) басталады.

 
Көрілді: 1255
Жаңартылған: 27.12.2018 | 12:29
Категориялар: Басты жаңалықтар, Әлем