Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Әйеліне талақ беріп ажырасқан ер адамдар бас бостандығынан айырылатын болады

20.09.2018 | 14:55
Әйеліне талақ беріп ажырасқан ер адамдар бас бостандығынан айырылатын болады

Үндістан билігі «ислам діні бойынша ажырасуға» тыйым салатын заң жобасын мақұлдады. Мемлекеттегі әйеліне талақ беру арқылы ажырасу әдеті әйелдердің конституциялық құқығын бұзады деп танылып отыр.

Бұл туралы Associated Press агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі сілтеме жасайды.

Үндістандағы саны 172 миллионды құрайтын мұсылман халықтың басым бөлігі сүнниттік бағытты ұстанушылар болып табылады. Дін қағидалары бойынша, ер адам үш рет «талақ» сөзін айтып, әйелімен ажыраса алады. Бұл орайда ер азаматтарға әйеліне жеке кездесу барысында немесе телефонмен қоңырау шалу, хабарлама жазу, тіпті әлеуметтік желі арқылы талақ беруге рұқсат берілген.

Үндістанның әділет министрі Рави Шанкар Прасад көршілес жатқан Пәкістан мен Бангладешті қосқанда, әлемнің 22 мемлекеті «талақ беруге» тыйым салғанын атап өтті. Ал Үндістанда заң жобасын нақты қабылданып, күшіне енгеннен кейін, заң бұзғандар 3 жылға бас бостандығынан айырылатын болады.

Мемлекетте өткен жылы «3 рет тала беруді» конституцияға сай емес деп таныған еді. Алайда билік ережені қатаңдатпақ.Яғни, ендігі әйеліне талақ бергені үшін айыпталған ер адамдар кепіл арқылы қамаудан босап шыға алмайды. Өз кезегінде оппозициялық партия мұндай сипаттағы қатаң жазаға қарсылық танытып, жазаны жеңілдетуді ұсынып отыр.

087

 

 
Көрілді: 3608
Жаңартылған: 20.09.2018 | 15:13
Категориялар: Басты жаңалықтар, Әлем