Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Мирзияев тағы бір жаңалық ашты

04.07.2018 | 15:17
Мирзияев тағы бір жаңалық ашты

 

RIAN 02987950.HR.ru-pic905-895x505-64912

Өзбекстанда бұдан былай барлық білім беру ұйымдары жергілікті әкімдіктерге емес, тікелей Халыққа білім беру министрлігіне қарайтын болады.

Ал Халыққа білім беру министрлігінде тазалау шаралары жүріп жатыр.  Министр Шерзод Шерматов 25 маусымда барлық басқарма басшылары мен аппараттағы бөлім басшыларын қызметтерінен босатып жіберді.

-Мұндай шешім президент Шавкат Мирзияевтің тапсырмасы бойынша, министрліктегі кадрларды жаңарту үшін жасалды,-делінген Халыққа білім беру министрлігінің ресми хабарламасында.

Қарамағындағы қызметкерлерімен кездесу барысында Шерзод Шерматов бұдан былай министрлік сапа, әділдік және ашықтық қағидалары бойынша жұмыс істейтінін мәлімдеді.

-Осы қағиданы қатаң ұстанғандар ғана министрлікте қалады, ал оған дайын еместермен қоштасатын боламыз,-деді министр.

20 маусымда Өзбекстанда халыққа білім беру министрі Ұлыбек Иноятов қызметінен алынып, оның орнына инновациялық даму министрінің орынбасары болып жүрген Шерзод Шерматов тағайындалған болатын. Экс-министрдің орынбасарларының да креслолары жаңарды.

21 маусымда селекторлық мәжілісте елдің премьер-министрі Абдулла Арипов облыстың, қаланың, ауданның әкімдеріне мұғалімдерді, мектеп директорларын жиналысқа шақыруға тыйым салды. Бұдан былай мектептер тікелей Халыққа білім беру министрлігіне бағынатын болады.

 
Көрілді: 10815
Жаңартылған: 04.07.2018 | 15:19
Категориялар: Басты жаңалықтар, Әлем