Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Президенттің суретін дәретхана қағазы ретінде пайдалануға тыйым салынды

24.05.2018 | 11:17
Президенттің суретін дәретхана қағазы ретінде пайдалануға тыйым салынды

Түркіменстанда ел президенті Ғұрбанғұлы Бердымұхамедовтың суреті жарияланған газет-журналдарды  дәретхана қағазы ретінде пайдалануға тыйым салынды.

Қазір елдің кейбір аумақтарында ішкі істер органдарының қызметкерлеріне жеке тұрғын үйлердің аулаларына кіріп, дәретханаларды тінтіп, президенттің суреті басылған газет-журналдарды әжетхана қағазы ретінде пайдаланған азаматтарды анықтау жүктелген.  Егер мұндай әрекетке барған азаматтар табылса, алғашқыда оған ресми түрде ескерту беріледі.
Түркіменстанда экономикалық қиындықтарға байланысты жұрттың бәрі бірдей арнайы дәретхана қағазын сатып алады деп айту қиын. Оның үстіне президент Ғұрбанғұлы Бердымұхамедовтың суреті жергілікті газет-журналдардың әр номерінде кемінде 2-3 мәртеден, ал мерекелік номерлерге бұдан да көп жарияланады.

Қазір президенттің суреті күл-қоқыстарда жатпауын қадағалау үшін күл-қоқыс тастайтын орындарға арнаулы өкілдер бекітілген. Олардың міндетіне күл-қоқыста  президенттің суреті жарияланған газет-журналды табу, газетке пошташылардың соққан белгісі арқылы мерзімді басылымға жазылған адамның аты-жөнін анықтап, мәліметтерді тиісті орындарға беру кіреді. 

06

 
Көрілді: 4552
Жаңартылған: 24.05.2018 | 14:46
Категориялар: Басты жаңалықтар, Әлем