Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Кемеров қасіретіне кінәлі кім?

Жұрт Аман Төлеевтің отставкаға кетуін талап етуде

29.03.2018 | 11:10
Кемеров қасіретіне кінәлі кім?

     Ресейдің Кемеров қаласындағы ойын-сауық орталығында болған өрттен 64 тұрғын қаза тапты. Осыдан кейін төрт мыңнан астам адам көшеге шығып, Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеевтің отставкіге кетуін талап етті. Алайла бұған мән беріп, басы ауырған Төлеев жоқ сияқты. Ол наразылық білдірушілерге қатысты дөрекілеу сөз айтқан көрінеді.  Ал Путин дәл қазір басшыларды қызметтен босатудан бұрын, кінәлілерді анықтап алу қажеттігін ескертті. Дегенмен қалай десек те, Төлеевтің отставкіге кетуіне өте «қолайлы» сәт келген сияқты. Губернатордың жасы 73-те. Кемеров облысын 1997 жылдан бергі аралықта үздіксіз 21 жыл бойы басқарып келеді. Мәселе тек жаста емес, Төлеевтің денсаулығы да мәз болмай тұр. Былтыр мамырда ол Германияға барып операция жасатты. Операциядан кейін  мүгедектер арбасына отырды. Тамызда ол жұмысына осы арбасымен шықты. Төлеевтің әзір де отырып-тұруы қиын. Күні кеше өрттен қаза тапқандарды еске алу кезінде де құлап қалмау үшін губернаторды қызметкері бір қолымен ұстап тұрған.   Төлеев осы уақытқа дейін оқиға орнына бірде-бір мәрте бармаған. Қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтпаған.  Оқиға кезінде халықтан шынайы ақпараттар жасырылған.  Алайда осыған қарамастан Путин  өзінің ең сенімді серігі-Төлеевты қызметінен босатқан жоқ.

      Төлеев қазір Кемеров облысында авторитарлы билік орнатқан. Өңірде губернаторға қарсы шығатын ешқандай оппозиция жоқ, тәуелсіз ақпарат құралы да жоқ есебі. Төлеев бір кездері керемет саясаткер, білікті басшы болды. Бірақ оның дәурені өтті. Сарапшылардың ойынша Төлеев көп ұзамай, отставкіге кетеді. Бірақ Путин сенімді серігін қызметінен абыройсыздау жағдайда емес, денсаулығына байланысты босатуы мүмкін. 

                                                                                            Б.Ерназар

0236

 
Көрілді: 1997
Жаңартылған: 29.03.2018 | 11:14
Категориялар: Басты жаңалықтар, Әлем