Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қытайлар Димашты зерттеп жатыр

27.03.2018 | 17:29

ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Ханьxуэй  Димашты зерттеп жатқандарын айтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде біз Димаштың дара тұлғасын, дара құбылысын зерттеп жатырмыз. Биыл Қытайда өткен гала-концертте Димаш тағы да өнер көрсетті. Сол кезде оны 2 миллиардқа жуық адам көрді. Бұрын Витас болса, қазір Димаштың дәурені басталды. Сол концертте Абайдың сөздері де айтылды. Сосын біздің елшіліктің атынан арнайы құттықтау оқылды. Сөйтіп, Қазақстан туралы үш рет айтты. Артынан басқа елшіліктерде істейтін әріптестерім қоңырау шалып, осындай деңгейге қалай жеткенімізді қайта-қайта сұрады. Себебі Қытай үшін аса маңызды шарада Қазақстан жайында бір рет емес, үш рет айтылды. Біз үшін ол – үлкен жетістік», – дейді Ханьxуэй.

0235689

 
Көрілді: 2276
Жаңартылған: 27.03.2018 | 17:37
Категориялар: Басты жаңалықтар, Әлем