Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Өзбекстанда перзентханадан баланы сән-салтанатпен шығаруға тыйым салды

25.03.2018 | 10:26
Өзбекстанда перзентханадан баланы сән-салтанатпен шығаруға тыйым салды

Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі нәрестенің жарық дүниеге келуін сән-салтанатпен атап өту баланың да, оның анасының да денсаулығына кері әсерін тигізетіндігін айтуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Баланың жарық дүниеге келуі әрбір отбасы үшін үлкен бақыт. Бұл оқиғаны отбасылар әрқалай атап өтіп жатады. Олардың кейбірі перзентхана үйінің алдынан да басталады. Әрине, сәбидің дүниеге келуі және оның үйіне шығуын атап өту ерекше оқиға екендігі сөзсіз. Алайда, мұны сән-салтанатқа айналдырып, қоршаған ортаның назарын аудартып, олардың тыныштығын бұзып жатса не болмақ? Ең жаманы бұл шаралар ана мен жаңа туған сәбидің денсаулығына теріс әсерін тигізіп жатса не болмақ», - деп атап өтілген Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Осыған орай Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігі бала дүниеге келген кезде асыра сән-салтанатымен ерекшеленетін  дәстүрлер мен жоралғылардың алдын алу мақсатында арнайы іс-шаралар жоспарын әзірлеген. «Мемлекет басшысы атап өткендей, үйлену тойын немесе басқа да шараларды өткізу - бұл жеке бастың ғана ісі емес, ол әлеуметке және барлық қоғамға да қатысты. Мұндай шаралар отбасылық саналғанымен бүкіл қоғамға, адамдардың өміріне де әсерін тигізеді. Ақпан айында сәйкесінше министрліктермен, ведомстволармен және ұйымдармен ынтымақтастықта бала дүниеге келуіне орай сән-салтанаты келіскен шаралардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Медицина қызметкерлері жаңа әдістер негізінде азаматтармен сұхбаттасып, ағартушылық және түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.  Түсіндіру жұмыстарының ескі әдістері  бүгінде өзін өзі ақтамай отыр. Сондықтан да медициналық мекемелерде акушер-гинекологтармен, отбасылық дәрігерлермен, медбикелермен тығыз ынтымақтастықтамыз. Жүкті әйелдермен, енелерімен жеке сөйлесудеміз. Біз медициналық тұрғыда бала дүниеге келген кездегі  сән-салтанатты шаралар баланың да, оның анасының да денсаулығына теріс әсер ететіндігін түсіндіруге тырысамыз», - деді Өзбекстан Денсаулық сақтау министрі Алишер Шадманов.

036985

 
Көрілді: 881
Жаңартылған: 24.03.2018 | 12:43
Категориялар: Басты жаңалықтар, Әлем