Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Әйелі мен көңілдесінің үстінен түскен ер дам оларды атып тастады

13.08.2017 | 16:42
Әйелі мен көңілдесінің үстінен түскен ер дам оларды атып тастады

  Колумбия полициясы 42-жастағы Атлантико департаменті тұрғынының екі адамды өлтірді деген күдікпен қамалғанын мәлімдеді. Ер адам әйелі Сандра Кастельян мен көңілдесінің үстілерінен түсіп, атып тастағанын мойындаған деп жазады Life.ru.

  Күдікті әйелінің өзгемен жүруі мүмкін екенін көршілерінің сөзінен кейін ойлай бастаған.

  Ер адам түнгі күзетте істейтін болғандықтан,  39 жастағы жұбайына 35 жасар жергілікті тұрғын Ной Гоместің келіп жүргенін білмеген. 

Бір күні Хуан Карлос Гарсия өз ойын тексермек болады. Осылайша ол әйеліне жұмысқа кеткенін айтады. Анығында ол демалыс алып, достарының үйінде кештің болуы күтеді.

Ол әйелі ештеңеден күдіктенбесін деп оған жұмыс телефонынан хабарласқандай кейіп танытып, балалар ұйықтады ма деп сұраған. Кейіннен ол үйіне барады.

  Хуан Карлос Гарсия үйіне кіріп, әйелі мен көңілдесін төсек қатынасы кезінде ұстап алады. Ашуға булыққан ер адам еш ойланбастан қызметтік қаруымен екеуінде атып тастайды.

Оны үйде ұйықтап жатқан үш кішкентай балада тоқтатпаған. 

Ер адам қылмысынан кейін бірден полицияға барып, өз әрекетін мойындаған. Ол өзінің істеген ісіне еш өкінбейтінін айтқан.

 
Көрілді: 1123
Жаңартылған: 13.08.2017 | 16:46
Категориялар: Басты жаңалықтар, Әлем