Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Билл Гейтс инстаграм желісіне тіркелді

13.08.2017 | 16:33
Билл Гейтс инстаграм желісіне тіркелді

  Әлемдегі ең бай адам Билл Гейтс Instagram әлеуметтік желісіне тіркелді. Ол қайырымдылық шараларын насихаттау үшін 12 тамызда аккаунт ашты, - деп хабарлайды Medialeaks.

   Microsoft өнімін құрастырушы бірінші суретін Танзанияда (Шығыс Африка) Мухеза провинциясында бастауыш сынып оқушыларымен кездескен сәтінде түсірілген суретін жариялады. Сонымен қатар ол сол уақытта көп назар аударылмаған тропикалық ауруларға қарсы күрес жүргізіп жүрген дәрігер Упендо Мвингирамен кездесті. Әлемнің ең бай адамының айтуынша, ол жары Мелиндамен Танзанияда жиі болады екен. Миллиардер    Танзания билігін денсаулық сақтау саласында жеткен жетістіктері үшін алғыс білдірді.  Оның аккаунтында қымбат яхталар мен көліктердің болмайтыны сөзсіз, себебі ол бұл парақшаны әлемнің үшінші елдеріндегі тұрмыстық жағдайы және оларға қалай көмек беруге болатыны туралы жазады

 
Көрілді: 569
Жаңартылған: 13.08.2017 | 16:36
Категориялар: Басты жаңалықтар, Әлем