Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Тәртіп бұзған 15 адамға оқ атылды

13.08.2017 | 16:00
Тәртіп бұзған 15 адамға оқ атылды

    Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын белгісіз 15 адам заңсыз кесіп өтпек болған деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ. 

12-ші тамыз күні сағат 20:00-де Мемлекеттік шекарашылар мен күзетшілер ҰҚК КҚ        Аймақтық "Оңтүстік" басқармасының тараздық шекара бөлімі  Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы спиральді кедергіні жауып тастаған тәртіп бұзушыларды ұстайды.

   Кеден қызметкерлерінің құқық бұзушылық әрекетті тоқтату туралы талабына олар құлақ аспай, кеден жасағына физикалық күш қолданған. Нәтижесінде кеденшілер түрлі жарақаттар алған. 

Әскери қызметкерлердің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін сақтау үшін  шекара жасағының басшысы жоғарыға атылған  ескерту оғынан кейін, сондай-ақ тәртіп бұзушылар тарапынан ешқандай реакция болмаған соң, шабуылшылар тарапына қайта оқ атқан (екі оқ атылған.

   Салдарынан шабуылшының бірі жарақаттанған, қалғандары жараланған адамды алып Қазақтан Республикасы территориясындағы жақын маңдағы елді-мекенге жасырынып қалған. Кейіннен жарақат алған адамның көз жұмғаны белгілі болды.

  Тараз кеден жасағында шекарашылар отряды күшейтілді. Қазіргі таңда шабуылшыларды анықтау үшін іздестіру және олардың тұлғаларын анықтау жұмысы жүруде.

 
Көрілді: 475
Жаңартылған: 13.08.2017 | 16:04
Категориялар: Басты жаңалықтар, Әлем