Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

АҚШ ұшағын жармақ болған ресейлік құрықталды

11.08.2017 | 09:45

   Түркияда "ұшқышсыз басқарылатын аппарат арқылы америкалық әскери ұшаққа шабуыл жасауға дайындалды" деген күдікпен Ресей азаматы ұсталды. Бұл жайында түркиялық бірнеше БАҚ, оның ішінде Haberturk Hurriyet газеттері хабарлады.

    БАҚ ақпаратына қарағанда, ұсталған адам - "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының өкілі. Ол Инджирликтегі америкалық әуе базасындағы ұшақтардың бірін жармақ болған. Түркиядағы Ресей елшілігі ұсталған күдіктіге қатысты жағдай әзірге тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

    Инжирликтегі әуе базасы Түркияның оңтүстігінде орналасқан. Сирия мен Иракта исламшыл содырларға қарсы халықаралық коалицияның әуе операцияларына қатысып жатқан АҚШ армиясы оны Анкарамен келісім бойынша пайдаланады.

 
Көрілді: 371
Жаңартылған: 11.08.2017 | 10:13
Категориялар: Басты жаңалықтар, Әлем