Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Ауғанстандағы қырғын

10.08.2017 | 10:55
Ауғанстандағы қырғын

   "Ислам мемлекеті" мен "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның солтүстігіндегі Сари-Пуль провинциясында 50-ге жуық адамды өлтірді, деп хабарлады провинция губернаторы Мұхаммад Захир.

    Орталық Азия жаңалықтар қызметінің хабарлауынша, шабуыл 3 тамызда кешке басталған. Содырлар Мирзо Оланг ауданына жақын маңда қауіпсіздік күштерінің бекетін шабуылдаған. Соғыс шамамен екі тәулікке созылған. Ұрыста жеті полиция қызметкері және ауған әскерінің бір сарбазы қаза тапқан.

   "Содырлар Мирза Оланг ауданын басып алған соң, мұнда 40 шақты адамды өлтірді. Олардың арасында әйелдер, балалар мен қарт кісілер болды", - деп мәлімдеген ауған провинциясының басшысы Азаттық радиосына.

    Мұхаммад Захирдің сөздеріне қарағанда, шабуылдаушылар 30-дан астам үйді өртеп жіберген. 25 адам із-түссіз жоғалып кетті, содырлар оларды өздерімен бірге алып кеткен болуы мүмкін.

"Рейтинг" газеті

 
Көрілді: 302
Жаңартылған: 10.08.2017 | 11:00
Категориялар: Басты жаңалықтар, Әлем