Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Бердімұхамедов Назарбаевпен тең түсті

13.02.2017 | 14:06

Түркіменстан Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтерге сүйеніп таратқан ақпарына қарағанда, қазіргі президент Құрбанғұлы Бердімұхамедов Түрікменстан президенті болып қайта сайланған.

Құрбанғұлы Бердімұхамедов сайлауда қарсыластарынан қара үзіп, 97,69 пайыз дауыс жинапты. Президент сайлауына бас-аяғы сегіз үміткер қатысқан.

Естеріңізде болса, 2015 жылы сәуірде Қазақстанда өткен президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев 97,7 пайыз дауыс жинаған болатын.

 
Көрілді: 608
Жаңартылған: 13.02.2017 | 14:08
Категориялар: Басты жаңалықтар, Әлем