Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Асад өлі ме, тірі ме?

09.02.2017 | 11:02

 

Соңғы күндері арабтық ақпарат құралдары Сирия президенті Башар Асадтың денсаулығына қатыстыты бір-біріне қарама қайша келетін мәліметтер таратты.
«Ал-Арабия» Ливан басылымдарына сілтеме жасай отырып Сирия президентінің инсульт алғанын, оның Дамаскідегі ауруханалардың бірінде жатқанын хабарлады.
Ал, француз дереккөздеріне сілтеме жасаған тағы бір ақпарат агенттігі Асадты жер қойнына тапсырып қойды. Оның жазуынша, Асадты жеке оққағары өлтірген. Жендеттің аты-жөні Мехди әл-Яакуби, иран азаматы көрінеді. Ол диктаторды басынан атып өлтіргенге ұқсайды.
Алайда Сирияның мемлекеттік ақпарат құралдары бұл сөздердің бәрін жоққа шығарды.

Висамела Хурра есімді араб журналисі жуырда интернетке аурухана өкілімен телефон арқылы сөйлескен сөздерінің жазбасын тастады.

Журналист Шамдағы аурухананың кезекші дәрігерімен Президент әкімшілігінің қызметкері ретінде сөйлескен. Осы әңгімеден Асадтың расында да ауруханада жатқандығы анық байқалады. Алайда оның қандай диагнозбен түскені белгісіз.  Сирия өкіметі Асадтың ауруханада жатқанын барынша жасырып отыр.

-Егер Асадтың нашар екендігі белгілі болса онда бұл Сириядағы жағдайға өте қатты әсер етеді. Қазіргі уақытта билік оппозициямен келіссөз жүргізіп жатыр. Бір жағы үкіметтік әскер Алеппоны азат етті. Енді ол Ракки аймағына қарай жылжып барады. Егер Башар Асадтың науқас екендігі жария етілсе, онда «Ислам мемлекетінің» белсенділігі күшейіп кетуі мүмкін,- дейді сарапшылар.

 

Б.Ерназар

 
Көрілді: 522
Жаңартылған: 09.02.2017 | 11:06
Категориялар: Басты жаңалықтар, Әлем