Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Түркияда түнгі клубта теракт жасаған Өзбекстан азаматы ұсталды

18.01.2017 | 09:31

 

Түрік полициясы 39 адамның өліміне әкелген Стамбулдың Reina түнгі клубындағы терактіге басты күдікті Өзбекстан азаматы Абдулкадыр Машариповті ұстаған.

Түрік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Машарипов Стамбулдың Эсеньюрт ауданында ұсталған. Күндіз полиция күдікті жарылысқа дейін Стамбулда тоқтаған пәтерден 150 мың доллар тапқан.

Ресми емес ақпаратқа қарағанда, Абдулкадыр Машарипов 2016 жылдың басында әйелі, екі баласымен бірге Түркияға келіп, Конья қаласынан пәтер жалдап тұрған. 15 желтоқсанда ол террористік актіге дайындық жүргізу үшін Стамбулға барған. «Хюрриет Дейли» басылымы Түркия премьер-министрінің орынбасары Нуман Куртулмуштың сөздеріне сілтеме жасап, шабуыл барлау ұйымының қатысуымен өте кәсіби жасалған деп жазады.

Жаңа жылдық кеште шабуылдаушы түнгі клубқа таксимен келіп, қолындағы мылтығымен адамдарға қарсы оқ атады. Қайтыс болғандардың ішінде сегіз мемлекеттің азаматтары бар. Шабуылға жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» террористік ұйымы алған.

 
Көрілді: 607
Жаңартылған: 18.01.2017 | 09:33
Категориялар: Басты жаңалықтар, Әлем