Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Ипотека Алматыдан Астанаға ауысты

Бұған дейін банктерде артық қаржының болмауы себепті

23.07.2013 | 09:51
Ипотека Алматыдан Астанаға ауысты Олардың пайымдауынша, баға 10 пайыз төңірегінде көтеріліп, түсіп құбылып тұруы ықтимал.

Астананың үлесі бір пайызға артты, ал Алматы керісінше 1,2 пайыз жоғалтты. Портал таратқан мәліметке қарағанда, 2013 жылдың желтоқсанындағы жағдай бойынша ипотека Алматыда 31,4 пайыз (271,5 млрд тенге), Астанада 17,8 пайыз (153,6 млрд) болған.

Айта кетерлігі, 2013 жылы Астана ипотеканың локомотивіне айналды. Бір жыл ішінде нарық 18,5 млрд теңгеге өскен, яғни 13,7 пайызға. Ал, портал сарапшыларының айтуынша, Алматы осы уақыт аралығында өз позициясын жоғалтқан. Олардың сөзінше, ең жоғары көрсеткіш 8,7 млрд теңгені, яғни 3,3 пайызды ғана құраған.

Бұған дейін банктерде артық қаржының болмауы себепті Қазақстанда ипотеканы қысқарту туралы сөз болған. Осыған орай, сарапшылар жылжымайтын мүлік бағасының арзандауы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Олардың пайымдауынша, баға 10 пайыз төңірегінде көтеріліп, түсіп құбылып тұруы ықтимал.

Естеріңізге салсақ, 2013 жылы Қазақстанда ипотека тоғыз пайызға дейін төмендеген еді. 2013 жылдың қазанында тұрғын үй қарызының көлемі 25 млрд тенге болды. Бұл екінші деңгейлі банктер берген бір айлық несие көлемінің 3,5 пайызы.

Көрілді: 5207
Жаңартылған: 26.04.2014 | 13:05
Категориялар: Бейне-материалдар, Басты жаңалықтар, Мәдениет, Спорттағы басты жаңалықтар, Спорт, Мәдениеттегі басты жаңалықтар
Тақырып бойынша категориялар: Спорт