Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Келімбетов: ешқандай банктің қожайыны емеспін

Қазір оның 100 млрд-ы қайтып салынған

16.10.2013 | 13:57
Келімбетов: ешқандай банктің қожайыны емеспін Источник фото — Центр оценки

"Егер шынымен солай болса, мен ол ақпаратты қуана-қуана растаған болар едім, бірақ мен Қазақстандағы 38 банктің ешқайсысының және Отанымыздан тыс жердегі бірде-бір банктің түпкі қожайыны емеспін. Мен бұған алаңдап жүргендердің бәрін сабырға шақырғым келеді, дегенмен маған сіздердің сұрақтарыңыз ұнады. Әсіресе, заңдастыру тұрғысынан, кәне, бақылайтын болайық", - деп мәлімдеді Ұлттық банк басшысы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде. Айта кетейік, оған "Сіз Kaspi bank-тің түпкі қожайыны емессіз бе?" деген сауал қойылды.

Келімбетов мұның алдында ақпан айындағы SMS-шабуылдан кейін елімізде депозиттерден 250 млрд теңгенің алынғанын айтқан болатын. Қазір оның 100 млрд-ы қайтып салынған.

Көрілді: 4274
Жаңартылған: 28.04.2014 | 11:15
Категориялар: Фотогалерея, Бейне-материалдар, Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар