Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

"Хабар" пенальти тебе алмады

Журналистер Сейдахмет Бердіқұловты еске алды

11.05.2014 | 16:53
Жеңіске жетелеген пенальти

21Turnir1

Көрнекті жазушы, журналист, қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұлов атындағы шағын футболдан дәстүрлі турнир биыл алғаш рет Астанада өтті. Биыл жиырмасыншы рет өткен бұл додада  журналистердің 12 командасы бақ сынады.  

 

8Turnir1

Сейдағыңның  бар шығармашылығын бала күнінен жаттап өсіп, соның арқасында футбол деген сиқырға байланған белгілі ақын, журналист Жанарбек Әшімжан.

34Turnir1

 

Турнирді ұйымдастырушылардың батасынан кейін, шағын концерттік бағдарлама болды. Мың бұралған бишілердің өнерін тамашалап, шабыттанған журналистер жасыл алаңда домалақ допты жарыса қуалады. 

95Turnir1

Мақсат: "Хабарлық" Нұрсұлтанға доп тепкізбеу!

 

29Turnir1

"А" тобына жеребе  жолдас болмады. "Іріктеу кезеңіне ойнап жүріп оңай өтеді" деген "Хабар-Астана", "Қазақстан-Астана", "Журналистер үйі" және "ҚазСпорт" командалары жеребе бойынша бір топқа түсіп қалды. Сөйтіп,  "Хабар-Астананың" жұлдызы жанып кейінгі кезеңге өтті. Ал, бұл шақта "Алматы" командасы  "аспанға қарап" ұпай жинап жүрген болатын. 

0Turnir1

Бас көрерменнің бірі- Сейдахмет Бердіқұловтың ұлы Заңғар. 

85Turnir1

Гол!!!!

1Turnir1

Профессор Бүркіт Аяған. Жанкүйер! Турнир Алматыда өтіп жүрген жылдары Б. Аяғанның командасы талай мәрте жеңімпаз болған.

166Turnir1

"Егемен Қазақстан" қорғаныста!

125Turnir1

"В" тобында бірінші айналымнан шығуға "Хабар-Алматы" мен "Оңтүстік Қазақстан" құрама қомандалары таласты. Осы турнирдің үздік шабуылшысы атанған Берік Уәли өзіне шығарып берген 100 пайыз голдық 5-6 допты қақпаға дарыта алмады.  Ойын нәтижесі нөлде нөл. Соғылған доп айырмашылығымен "Хабар-Алматы" келесі айналымға өтті. Өтті де жеребе бойынша қайтадан "Оңтүстік Қазақстанмен" жартылай финалда кезікті.  

178Turnir1

Бірінші кездесудегі мол мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмаған "Оңтүстік Қазақстан" құрмасынан бұл жолы "Хабар-Алматы" аямады. Тура және жана мағынасында айтсақ, шымкенттіктер жер сипап қалды. 

 

77Turnir1

Жанкүйерлер қатарында белгілі спорт маманы  Қанағат Елсияров!

101Turnir1

Журналистер үшін нағыз мейрамға айналған бұл турнир қызыққа толы болды. Күтпеген жеңілістер, жұлып алынған жеңістер және жұлқына тебіскен пенельтилер!

124Turnir1

Өкініш. Пенельтиден соға алмау...

137Turnir1

Финал. "Хабар-Алматы"- "Алматы" теле арнасы. Жеңіске деген жігер "Алматы" арнасын соңғы сәтте пинальтиге алып келді. Ал, сәл сыртқа кеткен мына доп "Хабар-Алматыны" екінші орынға шегелеп берді. 

20Turnir1

2Turnir1

Чемпиондарға бәрі жарасады! Астана қаласынан шыққан тоғыз команда алматылықтардың шеберліктерін мойындады. Биыл алғаш рет сырт алаңда ойнаса да алматылықтардың астаналықтарға жеңісті ұстатпауы заңдылық секілді. Себебі, олар осы дәстүрлі турнирге 20 жылдан бері қатысып келе жатыр емес пе!

 

218Turnir1

Осындан жиырма жыл бұрын Ақпарат, мәдениет және қоғамдық келісім министрі Алтынбек Сәрсенбайұлының бастауымен Сейдахмет Бердіқұлов атындағы шағын футболдан журналистер арасындағы дәстүрлі турнир басталған еді. Рахат Әлиевтердің қастандығынан қаза таппағанда футбол десе, ішер асын жерге қойған Албынбек Сәрсенбайұлының өзі кешегі өткен жарыстың бел ортасында жүрер еді...

Көрілді: 2999
Жаңартылған: 20.06.2014 | 17:49
Категориялар: Фотогалерея, Спорттағы басты жаңалықтар, Спорт