Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Баянауылдың Мырзашоқы тауында жаңа арқанжол салынуда

05.10.2018 | 13:39
Баянауылдың Мырзашоқы тауында жаңа арқанжол салынуда

Арқанжолдың әзірлігі туралы мәселені жиында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету тақырыбы аясында көтерді. Бір сағатта 600 адамды тасымалдайтын арқанжолда бүгінгі күні реттеу жұмыстары ғана қалған.

«Жұмыстың толық аяқталуына 3-4 күн жеткілікті. Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін база күніне 5 мың адам қабылдай алады. Шаңғышылар, сноубордшылардан бөлек, шанамен сырғанаушылар мен қыдырып келушілерге де есігіміз ашық» , – деп мәлімдеді мамандандырылған компания басшысы Славенко Бадура.

Сарапшының айтуынша, тау шаңғы инфрақұрылымын жүргізуде Мырзашоқы тауы жаңа бастаған спортшыларға, әсіресе туристерге таптырмас орын. Сол себепті де бұл нысан қысқы туризмді дамытудағы Баянауыл ауданының алғашқы қарлығашы болғалы тұр.

 

 

 
Көрілді: 58
Жаңартылған: 08.10.2018 | 13:41