Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Кәсіпкерлерге арналған «шпаргалка» шықты

08.11.2017 | 17:43

 

 

«Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады. Біз адамға ол үшін мемлекет барлық проблемеларын шешіп біреуін күтпей, өзін бизнесте сынап көруге, елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысушыға айналуына жағдай туғызуымыз керек. Іскерлік мәдениетінің деңгейін көтеру мен кәсіпкерлік бастаманы ынталандырудың маңызы үлкен» деп Елбасы «Қазақстан 2050» Стратегиялық жоспарында атап өткен болатын. Тапсырмаға орай, елімізде кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетіліп келеді. Осы орайда өз ісін дөңгелетіп отырған жандарға жағымды жаңалықты айта кетелік.

Кәсіпкерлер үшін облыстық кәсіпкерлер палатасы мен облыстық әкімдік бірлесіп, көмекші құрал әзірледі. Онда кәсіпкерлікті қаржылай және қаржысыз мемлекеттік қолдау түрлері, сол қызметті көрсететін ұйымдар тізімі берілген. Облыс аумағындағы индустриялық және арнайы экономикалық аймақтардағы тыныс-тіршілік, олардың артықшылықтары, іске асыруға болатын кәсіпкерлік бағыттары жөнінде де тұщымды ақпар бар. «Шпаргалка» деп аталатын көмекші құралда сондай-ақ, экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау түрлері, бизнеске пайдалы веб-сайттар туралы қысқаша ақпарат жазылған. 80 беттен тұратын «Qamqor» мобиьдік қосымшасы мен кәсіпкерлерге арнап жазылған кеңестер де бар. Мамандар бұл кәсіпкерлерге нағыз көмекші құралға айналатынына сенімді.

17951862 277487019358799 5206544525907385525 n

 
Көрілді: 16
Жаңартылған: 13.11.2017 | 17:44