«Өнегелі ұрпақ»: Төлеби ауданында жалғызбасты қарттардың үй аулалары тазаланып жатыр

Oinet.kz 04-05-2024 827

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығында төлебилік жастар қариялардың ауласына сенбілік жұмыстарын атқаруда. Тазалық шаралары барысында аудандағы барлық ауылдық округтердегі жалғызбасты қарттардың ауласы қамтылуда. 

Screenshot_11.jpg

Бүгін аудан жастары 87 жастағы Майдан Жатақбаеваның ауласын тазалап, бау-бақшасын ретке келтірді. Одан бөлек, қарияның үй жұмыстарына көмек беріп, аулада көгалдандыру шараларын жүргізді. 

Бүгінде Төлеби ауданында акция аясында көгалдандыру және тазалық шаралары белсенді түрде жүргізілуде. Науқанның әрбір күніне іс-шаралар бекітіліп, үш апта көлемінде көшеттер отырғызылып, абаттандырылды. Еске сала кетсек, еліміз бойынша экоакция аясында 27 сәуірден 4 мамырға дейін - «Өнегелі ұрпақ», ал 4-11 мамыр аралығы – «Мөлдір бұлақ» апталығы өтеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

«Өнегелі ұрпақ»: Сайрамда ауыл тұрғындары қарт ананың ауласын абаттандыруға атсалысты
«Өнегелі ұрпақ»: Жетісайлық жастар жалғызбасты қарияның үй ауласын тазартты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу