Киттер неге секіреді?

Oinet.kz 05-09-2019 1607

Jumping_Humpback_whale.jpg

Алып тіршілік иелерінің бірі киттер салмағының ауыр болғанына қарамастан суда еркін жүзеді. Киттердің әсіресе, мұхит бетінде секіргендері таңғажайып құбылыстардың бірі. Бірақ кейде сүтқоректілердің шулап, қорқынышты дыбыс шығаратындары бар. Австралиядағы Квинсленд университетінің ғалымдары киттердің неліктен бұлай шулайтындықтарын зерттеп көрді. Сөйтсек киттер 4000 метр қашықтықта киттердің өзге топтары жүргенде бір-бірімен сәлемдесу үшін дыбыстар шығарып, су бетіне қайт-қайта секіретін көрінеді. Сондай-ақ топқа бөтен кит қосылғанда да осындай әрекеттер жасайды екен. Су астындағы тіршілік біз ойлағаннан да қызығырақ әрі күрделі екен.   

Төрт мыңға жуық оттық жинаған
Рейган сәнқой президент болған ба?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу