Әлемдегі ең ақылды адамдар кім?

Oinet.kz 16-07-2020 1421

Өмірдің біз білмейтін қыры көп. Қолымыздан келмейді деп таныған істі жаратылыспен байланыстырамыз. Адам еңбегі мен білімі жайлы сирек тұжырым жасаймыз. Ғаламды өзгертуге үлес қосқан тарихи тұлғалар тізбегін назарларыңызға ұсынамыз!

Лао-Цзы. Қытай (б. д. VI ғасыр)

image.png

Білуші сөйлемейді, сөйлеуші білмейді.

Қытай ойшылы, даосизмнің негізін қалаушы.Лао-Цзы "кәрі бала" деп аударылады. Аңыз бойынша, анасы Лао-Цзаны 81 жыл құрсағында көтереді.  Ла-Цзы даосизмнің негізгі трактаты "Дао де цзин"авторы. "Дао" - Қытай философиясының негізгі санаттарының бірі. "Дао"сөзсіз, атаусыз, формасыз және жылжымайтын. Қытайда Лао-Цзыға табынушылық қалыптасқан.

Пифагор. Ежелгі Грекия ( б. з. д. 570-490 жж.)

image.png

Сандар әлемді басқарады.

Философ, математик және мистик, Пифагор мектебінің негізін қалаушы. Геродот оны "ең үлкен Эллин данагөй" деп атады. Пифагор 22 жыл Мысырда, 12 жыл Вавилонда өмір сүрген. 

Пифагор түсінігі  бойынша, заттардың негізінде сан жатыр.  Сандарды тану-әлемді танумен тең. Гипотенуза квадрат туралы атақты Пифагор теоремасы математик Бабылдан 1000 жыл бұрын белгілі болған. 

Әл Бируни (973-1048)

image.png

Егер адамдар айналасында қанша қолайлы мүмкіндік пен керемет сыйлықтар бар екенін білсе, мәңгілік жабырқау әрі жалқау кейіпінде қалар еді.

Әл Бируни энциклопедиялық білімді ғалымдардың бірі болды. Ол өз уақытының барлық ғылымдарын игерді. Әл Бируни-тарих, география, филология, астрономия, математика, механика, геодезия, минералогия, фармакология, геология және басқа да ғылымдар бойынша көптеген күрделі еңбектердің авторы. Өзінің ана тілінен(Хорезм)  басқа, араб, парсы, грек, латын, түркі, иврит, санскрит және хинди тілдерін меңгерген.

Леонардо да Винчи. Флорентия Республикасы (1452-1519)

image.png

Өмір сүруді үйренген кезде, өлуді үйрендім.

Батыс жаңғыруында асқан ақылымен есімін ел есінде қалдырған тұлға. Да Винчидің ең үлкен атағы суретші ретінде қалғанымен, суретшілік тек хоббиі болған. Винчи өзінің қабілетін өнертабыс жасаушы инженер ретінде сарп етті. Ғалым техника дамуын бір ғасыр алға ілгерілетті. Анатомия саласында дене құрылысына мыңдаған суреттер салды. Зерттеушілер Винчидің анатомия ғылымын іш ғасырға алға ілгерілеткенін айтады. "Леонардоның анатомиясы " атақты"Грэя анатомиясынан" асып түскен.

Фрэнсис Бэкон. Англия (1561-1626)

image.png

Білім –күш.

Бэконм- көптеген салаларда өзін таныта білген ғалым. Философ, саясаткер, тарихшы, ағылшын материализмінің, эмпиризмнің негізін қалаушы.  Ол ағылшын заңдарының жинағы құрастырылды. Бэкон «Жаңа Атлантида» утопиялық романында  су асты қайықтарының жасауы, жануарлардың тұқымдарын жақсарту, жарық пен дыбыстың таралуы сияқты болашақтың көптеген беймілім қырларына болжам жасай білген.

Рене Декарт. Франция (1569-1650)

image.png

Мен ойлаймын, сондықтан бармын.

Декарт-философ, математик, механик, физик және физиолог, аналитикалық геометрия және қазіргі алгебралық символиканы құрушы, философиядағы радикалды күмән әдісінің, физикадағы механизм, рефлексология мен аффект теориясының негізін қалаушы. 


Иммануил Кант. Пруссия (1724-1804)

image.png

Дана пікірін өзгерте алады, ақымақ-ешқашан өзгертпейді.

Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы, XVIII ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі, философияның дамуына ықпалды тұлға.

Философиядан басқа Кант табиғи ғылымдармен айналысты. Ол Күн жүйесінің пайда болуының космогоникалық гипотезасын алып бастапқы газ тұмандығынан әзірледі, жануарлар әлемін генеалогиялық жіктеу идеясын белгіледі, адам нәсілінің табиғи шығу идеясын ұсынды.

Дмитрий Менделеев. Ресей (1834-1907)

image.png

Шындық  іздеушісіне үнсіз табылады.

«Орыстың Да Винчиі», химиялық  элементтер кестесін ойлап тапқан данышпан, Менделеев жан-жақты ғалым және қоғам қайраткері болды. Менделеевтің арқасында Ресей Америкадан керосинді экспорттаудан бас тартып қана қоймай, Еуропаға мұнай өнімдерін экспорттай алды. Менделеевті үш рет Нобель сыйлығына ұсынды, бірақ  алған жоқ.

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Психологиялық тест: Бір алманы таңдаңыз
​Тіс пастасын қалай қолданасыз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу