Грант алып «Darafood»-тың иесі атанды

Oinet.kz 28-11-2023 1477

image.png

Кәсіп жасаймын деген адамға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың бірі – «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға» сәйкес, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік мемлекеттен берілетін қайтарымсыз грант. Соңғы екі  жылдан бері асхана кәсібін жүргізген Созақ ауданының тұрғыны Дүйсенов Дидар  асхана жабдықтарын жалға алумен келген. «Асхана ашу» бизнес жобасын комиссия отырысына ұсынған кезде, грант қаражатын алса асхана кәсібіне керек заттар сатып алып, тиімді бағада сапалы ас ұсынатын, өзінің жеке асханасын кеңейткісі келетіндігін айтқан Дидар комиссияның оң шешімін алып, 2023 жылғы 3-лектің грант иегері атанды. Бүгінгі күні Дидар «Darafood» үй тағамдары асханасын ашып, үш адамды жұмыспен қамтып отыр.

Айта кетейік, осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға елімізде 577,4 мың адам қатысты. 398,3 мың адам жұмысқа орналасты, оның 220,3 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.   

Субсидияланатын жұмыс орындарына 177,9 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 16,7 мың адам, жастар практикасымен 26,1 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 113,5 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 7,6 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 390 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 13,7 мың адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 40,1 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 36,6 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 123,8 мың адам қамтылды, оның ішінде 93,1 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Қызмет саласын таңдау мақсатында 95,3 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Ауылға жаңалық енгізген Әлішер
Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүмкіндік мол
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу