Жұмыс тауып берді

Oinet.kz 20-11-2023 1452

image.png

Бүгін Созақ аудандық қоғамдық кеңестің "Денсаулық, экология және әлеуметтік мәселелер бойынша" комиссия мүшелерінің  қабылдауына Шолаққорған ауылының тұрғыны Сопбекова Сарқыт апайымыз келіп, өзінің мәселесін айтты. 

Бірінші кезекте жұмыссыз екенін, Созақ Аудандық Мансап Орталығындағы қоғамдық жұмысының уақыты біткенін, осыған орай уақытша болса да жұмысқа орналастыруды сұрады. Дайын тұрған штаттық жұмыс болмауына байланысты, 

аудандық "Демеу" мүгедектер қоғамының төрайымы Смахова Бақыт Тұрсынқызы тігін цехына жұмысқа келуге ұсыныс жасады. Бірақ, қолынан тігін өнері келмейтінін айтып, бас тартты. Тойхана мен шайханаларда ыдыс жуушы ретінде жұмысқа сөйлесіп, алдағы аптада шешімін табатын болды. 

Екінші кезекте денсаулығына байланысты Созақ Аудандық Орталық Ауруханасына тіркеуге тұрып, қан қысымына байланысты тегін дәрілерін алып, мүгедектік топқа құжат дайындау керектігі түсіндірілді. 

Үшінші кезекте анасына демеушілер есебінен алып берген үйдің құжатын рәсімдеп беру бойынша, тиісті мекемелердің басшыларына айтылып, келесі жылы шешіп беретін болды. 

Қабылдауға келген апайымыз рахметін айтып, ризашылығын білдіріп кетті. 

Созақта 1 706 тұрақты жұмыс орны ашылады
Тоғжанның тәттілеріне сұраныс жоғары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу