Қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Oinet.kz 24-11-2023 1502

image.png

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдау саласындағы әлеуметтік тәуекелдерді төмендетуге бағытталған іс-шараға сәйкес, Созақ ауданындағы көп балалы және табысы аз отбасыларға өртке қарсы қауіпсіздігіне және жазатайым оқиғаларды алдын алу бойынша ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өртпен байланысты жылу беру пешпен жылу және газ құбырларын дұрыс пайдалануды халыққа хабар беру бойынша және ересектердің салғырттықтары, немқұрайлықтары орны толмас өкінішке әкеп соғатыны, жағдайға мән бермеу, ұдайы қол босамаушылық ересектер тарапынан үнемі бақылауда болу керектігі, өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстанып, балаларды бақылауға алу керектігі туралы ата-аналарға айтылып, өрт кезіндегі іс-қимыл туралы балаларға арналған жадынама көрсетіліп, өрт болған жағдайда не істеу керектігі, қандай ережелерді сақтау керектігі түсіндірілді.

Несие - кәсіпке бастама
Балаларға жан шуағын сыйлады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу