Бұл өмірде менен артық келін жоқ
21-10-2024
"Қарға тамырлы қазақ" дейміз ғой. Осы қазақ ағайын пен туыстың сыйластығының ең керемет көрсеткіші секілді кейде. Алайда адам жүрген жерде ұрыс-керіс, өсек-аян қатар жүретіні де бар. Гүлғайша есімді көп балалы келіншек үйіне келе беретін студент туыстарынан шаршағанын айтып мұңын жеткізді.
"Сәлеметсіздер ме! Тұрмыс құрғаныма 18 жылдай болды. Қалада тұрамыз. Оқу бітірген қайын сіңлілер мен інілер үйге студент болып келе береді. Абысындар арасына от салып, жексұрын қылып бітті.
Біреуі кетсе, екіншісі келіп тұрады. Бұрын жас кезде байқамайтын едім. Балалар өскесін бе, қазір не істесе де жақпайтын болған. Кейбірінің оқу бітірсе де кететін ойы жоқ. "Жұмыс істеймін" деп қалып, өсек тасып ағайындар арасын бұзып болды. Жай өздеріне айтып та көрдім. Бәрібір өсек-әңгіме бітпейді. Нервым шаршады. Абысындармен арамызды бұзғым келмейді. Шыдап жүрмін. Бірақ жүйке, денсаулық кетіп жатыр. Не істеуге болады? Кімде осындай жағдай болды? Өзімнің 5 балам бар",- дейді.