Бұл өмірде менен артық келін жоқ
21-10-2024
Енді өмір сүргім келмей кетті. Мамам 1-топтағы мүгедек еді. Мамама қараймын деп оқи да алмадым. Тұрмысқа ерте шықтым. Енем отырады: "менің қыздарымның тырнағына да татымайсың" деп.
Ал күйеуім мені анамның мүгедек, жағдайымыз жоқтығының бәрін біліп жалынып алған еді. Олардың жағдайлары жақсы. Ата-енем жұмыс істемейді. Күйеуім жақсы жерде жұмыс істейтін. Жағдайымыз тез арада жақсарып кетті. 3 бөлмелі пәтер алды. Қос-қостан машина алды ата-анасына. Бірақ анасының айтақтауымен маған бір тиын ақша бермей қойды. Және маған жұмыста істетпейді. 5 жылдың ішінде 3 бала тудым. Ата-енем сонда да өте нашар адамдар. Немерелеріне жібігенімен, маған жібімеді. Отырсаң опақ, тұрсаң сопақ деп әбден мазамды алды. Тыққан ақшасы кем шықсада менен көріп бәле болды. Әке-шешесі баласымен әңгімелесетін болса маған "сыртқа шыға тұршы біз сөйлесіп алайық" деп қуады. Сырттан келген қатын арамы болады деп отырады.
Қыздары ата-ененің қолында тұрмайды, жұмыс істеп қалған. Бөлек тұрады. Мен "қыздарымның тырнағының ұшына татымайсың" деп аузына келгенін айтсада шыдап келдім. Оқимын деп кредит алдым. Күйеуіме айтпай оқуымның ақшасын төлеймін деп. Күйеуім біліп қойып шашымнан сүйреп шығып "үйімнен жоғал" деп қуып шықты. Әке-шешем отыр "қайтып бар" деп. Көңілім қайтып кетті, барғым келмейді.
Ләззат Ракишеваға келген хаттардан