Косарев Дулат Ағаділдің өлімі туралы: «Бәлкім ажалы келген шығар»

Oinet.kz 27-02-2020 9121

Мәжіліс депутаты Владислав Косарев абақтыда көз жұмған қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің қазасына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Azattyq.org.

Депутат-коммунист мемлекет қоғам белсендісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмады деп санайды.

305ccfd0c204f8f6821568a84c4b211f_resize_w_830_h_465.jpg

“Полиция бақылауға алған адам мемлекеттің қорғауында болуы тиіс.

Азаматты қамауға алу оның қауіпсіздігіне жауап беру деген сөз. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер төнбеуіне бірінші кезекте мемлекет мүдделі болуы керек. 

Мемлекет Ағаділдің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмады. Әйткенмен мәселенің мән-жайын анықтау қажет. Өз басым (Ағаділді ред.) танымаймын. Кім екенін, қайдан шыққанын білмеймін…

Бәлкім ажалы келген шығар. Сырқатқа шалдыққан болар. Бірақ бұл өз азаматының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаған мемлекеттің жауапкершілік жүгін жеңілдетпейді “, – деді “Азаттық” тілшісінің сауалына жауап берген Владислав Косарев.

Айта кетелік бұған дейін Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында қоғам белсендісі Дулат Ағаділ қайтыс болғаны хабарланған еді.

Сот сараптамасы қорытындысы оның ұсталған кезде мас күйде болғанын көрсетті.

“Сағат таңғы алтыларда тұрғаннан кейін тамақ ішкен соң дәретханаға кетеді, одан шығысымен тізерлеп отырып құлап қалған. Камерадағылар Ағаділдің денсаулығы нашарлағанын бақылаушыға хабарлайды. Ол алғашқы көмек көрсетуге тырысып, медициналық жәрдем шақырған. Келген жедел жәрдем қызметі Ағаділдің көз жұмғанын тіркейді. Денесін қарау кезінде зорлық-зомбылық әрекеттері анықталмады”, – деді Ішкі істер министрлігінің өкілі.

Полицейлердің мәліметінше, өілмнің алдын ала себебі – жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі. Денесінде ешқандай жарақат болмаған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Білім министрі: «Мұғалім жалақысын үзіп-жұлғандарды жауапқа тартамыз»
СІМ Иран мен Италиядағы қазақстандықтар жайлы айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу