Өгей әке 3 жасар қызды соққыға жығып, итпен бірге үйшікте түнеткен

Oinet.kz 06-05-2024 1062

Қырғызстанда 3 жасар қыз түрлі дене жарақаттарымен Ыстық-Ата облыстық ауруханасына түскен, деп хабарлайыд Oinet.kz тілшісі Vesti.kg сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_30.jpg

Чуй қалалық ішкі істер басқармасының тексерісі кезінде қыздың анасымен және 28 жастағы өгей әкесімен бірге тұратыны анықталды.

Тергеушілердің айтуынша, өгей әке баланы үнемі ұрып-соққан. Оның үстіне соңғы рет ер адам қызды итпен бірге үйшікте түнеуге мәжбүрлеген. Осыдан кейін ол ауруханаға жеткізілді.

Қырғызстан Республикасы қылмыстық кодексінің 138-бабы "Азаптау" бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Қуандық Бишімбаев сотта соңғы сөзін айтты
«Салтанатпен кездескен сәттерімді еске алдым»: Байжанов сотта соңғы сөзін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу