28 жастағы әйел көп су ішемін деп көз жұмды

Oinet.kz 17-04-2024 1034

Тергеу барысында әйелдің шамадан тыс су ішкеннен психиатриялық ауруханаға түсіп, қайтыс болғаны анықталды. 28 жастағы Лилиан Лукас 2022 жылдың қыркүйегінде Уэстон-сьюпер-Мэр маңындағы Кьюсток қаласы ауруханасына ес-түссіз күйде түскен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Уилтширдегі Мальмсбери қаласында тұрған Лукас психиатрлық медбике болған. Оған бұрын шизофрения диагнозы қойылған және қайтыс болғанға дейін бірнеше рет түрлі ауруханаға жатқызылған.

Сот оның қайтыс болу себебін тергеу барысында 2022 жылы Сигнет ауруханасында оған жанама әсері болуы мүмкін  антипсихотикалық препарат – клозапин тағайындалғанын хабарлады. Медициналық білімі бар Лупастың өзі және оның әкесі Пол тағайындалған дәріге алаңдаушылық білдірген.

Сот отырысында Лукастың 2022 жылдың 8 қыркүйегінде "шамадан тыс су"  ішкеннен кейін бөлмесінен ес-түссіз табылып, Бристоль корольдік ауруханасына ауыстырылғаны айтылды. Ол келесі күні сол ауруханада жан тапсырды. 

Лукасты емдеген дәрігер тергеу барысында Лукастың өліміне оның шамадан тыс су ішетіні себеп болуы мүмкін екенін айтты. Марқұмды бұл ауруханаға түскенше емдеген кеңесші психиатр Джеймс Макинтайр психогендік полидипсияда кейбір адамдар су іше бергісі келетінін айтты. Бұл психикалық бұзылыс – психозға қарсы препараттардың жанама әсерінен немесе психоздың симптомы ретінде туындауы мүмкін.

Доктор Питер Харроуинг сотқа қатысқан Лукастың анасы Мэри Карреннің мәлімдемесін оқыды. Каррен мәлімдемесінде Сигнет ауруханасында дәрігерлер жетіспейтіні, сондықтан аурухана көбіне "агенттік қызметкерлеріне сенетіні" айтылған.

"Бөлімшеде қызметкерлер аз, сол себепті Лилиге қажет ем жасалмады", – делінген хабарламада.

"Лили бөлімшеде қызметкерлер жетіспейтінін жиі айтатын. Милтон Уорд көбіне агенттік қызметкерлеріне сенім артатын, бұл өз кезегінде Лилидің жалғыздығына әсер етті. Лили күні бойы бірнеше минуттық демалысты күтіп отырды. Кейде оның қызметкерлердің жетіспеушілігіне байланысты демалыстан бас тартатын кездері де болды. Мені палатадағы жанашырлықтың жоқтығы таңғалдырды. Бұл Лилидің психикалық ауруын одан сайын арттырып жіберді", – деді Карран. 

5 қыркүйекте жағдайы нашарлаған соң Лукасқа клозапин тағайындалды.

"Лили үнемі клозапин тағайындалады деп қорқатын. Өйткені оның ауыр жанама әсері болатынын ол жақсы білетін", – деді Карран өз мәлімдемесінде. 

7 қыркүйекте Лили анасына бірнеше рет телефон соғып, жүрегі айни беретініне шағымданған.

"Мен оған дәрігерлерге өзін нашар сезініп тұрғанын айт дедім. Ол үш-төрт рет айтқан, бірақ дәрігерлер тарапынан ешқандай амал жасалмаған", – деді Карран.

Лукас 8 қыркүйекте сол шағыммен қайта қоңырау шалды. Бұл оның анасымен соңғы рет сөйлесуі еді. Кейінірек, 8 қыркүйекте аурухана қызметкері қоңырау шалып, Лилидің көп мөлшерде су ішкеннен қайтыс болғанын хабарлаған. 

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Екібастұзда жігіт вагондар арасында қысылып қалған
Шымкентте қыз алып қашқан жігіт 4 жылға сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу