Пенжім ауылындағы арандатушылар туралы мәлімдеме жасалды

Oinet.kz 28-10-2021 978

Қазақстан халқы Ассамблеясының ресми өкілі Майя Бекбаева арандатушылар туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Майя Бекбаева Алматы облысы Панфилов ауданы Пенжім ауылының мектебінде екі жоғары сынып оқушысы арасында жанжал шығып, ол төбелеске ұласқанын. Төбелес барысында оқушылардың бірі зардап шегіп, оған көмек көрсетілгенін, қазір ауруханада, дәрігерлердің бақылауында екенін айтты.

- Кешке ауылда жергілікті тұрғындар жиналып, мектеп территориясында осындай жағдайға алып келген төбелес болғанына наразылық білдірген. Сонымен қатар, кейбір жасөспірімдер мен жастар эмоцияға бой алдырып, арандатушылардың ықпалымен жеке үйлер мен автокөліктердің терезелеріне тас лақтырып, сындырған.

Этносаралық негіздегі ауыл тұрғындары арасында қандай да бір қақтығыстар болмағанын, алда да болмайтынын ерекше атап өткім келеді. Жергілікті тұрғындар - қазақтар мен ұйғырлар ұзақ уақыт бойы бірге тұрады, бір-біріне дос, көрші. Барлығы шын жүректен бейбітшілік пен тыныштық болғанын қалайды - деді ол.

Оның айтуынша, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары Зәкіржан Күзиев, ҚХА хатшылығы және облыстық ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлім басшысы М.Батырбеков және "Қоғамдық келісім" КММ директоры оқиға болған жерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Олармен бірге ақсақалдар, азаматтық қоғам өкілдері жұмыс істейді.

Ол қазір Пенжім ауылындағы жағдай тұрақты екенін айтты.

«Бұл қандай ырым»: Сәби жатқан бесікпен атқа шапқан әженің әрекеті елді шошытты (видео)
Алматы облысындағы жаппай төбелес жайлы тың дерек шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу