10 жастағы қызды көлік қағып кетті

Oinet.kz 28-10-2021 761

27 қазан күні таңертең Mercedes жүргізушісі БҚО-да кәмелетке толмаған қызды қағып кетті, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

- Сағат 08:30 шамасында Зачаганск кентіндегі 33 жастағы Mercedes жүргізушісі мектептің жанында 10 жасар қызды қағып кетті. Кәмелетке толмаған бала көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер тексергеннен кейін ол үйіне жіберілді, – делінген ҚР ІІМ сайтындағы хабарламада.

Автокөлік айып тұрағына қамалды. Анықталғандай, қыз бала мектепке жалғыз бара жатқан, рұқсат етілмейтін жерден жолдан өтпек болғанда көлік астына түскен.

Шенеунік әкімдіктегі төбелес неден басталғанын айтты
Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу