Димаштың суреті Нью-Йорктегі атақты жұлдыздар галереясына қойылды

Oinet.kz 27-02-2020 959

Өткен жылдың 10 желтоқсанда Димаш Нью-Йорктегі Barclays Center стадионында жеке концертін өткізіп, шетелдік көрермендерін көзайым еткен. Биыл Нью-Йорктегі атақты жұлдыздар суреті ілінген Barclays Center галереясында Димаштың да суреті пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

21d9ebfa-5240-4eb8-ae6b-6f90eec7667c.jpg

2019 жылы 10 желтоқсанда Димаш Нью-Йорктегі Barclays Center стадионында жеке концертін өткізіп, шетелдік көрермендерін көзайым еткен. Ол атақты Элтон Джон мен Пол МакКартни тұрған сахнада ән шырқап, солар сияқты толы стадионды өз өнерімен тәнті етті.

Barclays Center-де бұрыннан атақты әншілер ғана ән салып келген. Оны осы орталықтың қабырғасына қойылған суреттер галереясынан анық байқауға болады. Мен деген әншінің бәрі тұр онда. Енді солардың қатарына Димаштың да суреті ілінді.

6a800cd5-6c08-4238-96ff-4a2e0bddd25a.jpg

- "АҚШ. Нью Йорк. Атақты жұлдыздар суреті ілінген Barclays Center галереясында Димаштың да суреті ілулі тұр", - деді Қанат Айтбаев.

Түлкібаста саятшылық өнер насихатталды
Коронавирусқа шалдыққан науқас неше адамға вирус жұқтыруы мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу