VIP көлік нөмірлері иелерінің көпшілігі Шымкенттіктер

Oinet.kz 27-02-2020 1657

Ел тұрғындары өз иелігіндегі көлікке көбінесе VIP санатындағы мемлекеттік нөмірлерді тіркегенді ұнатады. Үйлескен сандары мен әріптері бар нөмірлерді ең көп сатып алушылар - еліміздегі ең басты үш мегаполистің тұрғындары, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

1e84c28306b52385960f99e7d38d0ac33eb09.jpg

VIP санаттағы мемлекеттік тіркеу нөмірлері сатылымға 2014 жылдан бері шығып келеді.

Басылымның жазуынша, 2019 жылы ел азаматтары мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 12 658 ерекше тіркеу нөмірін 3, 018 млрд теңгеге сатып алған.

Алайда бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстарығанда жарты млрд теңгеге аз. Ол кезде қазақстандықтар 14 909 ерекше нөмір үшін 3,650 млрд теіге жұмсаған болатын.

Ерекше сандар мен әріптердің тізбегін көп сатып алатындардың тізімін Алматы, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларының тұрғындары бастап тұр.

Айта кетейік, көлік иелері жаңадан сатып алған темір тұлпарына ерекше нөмірлерді мамандандырылған ХҚО немесе egov.kz арқылы онлайн тіркеу барысында таңдай алады. Сондай-ақ егер азаматтың бұрыннан VIP-нөмірі болса, жаңадан алған көлігіне алты ай ішінде сол нөмірді қайта рәсімдеуге құқығы бар.

Батыс БАҚ өкілдерінде Джеки Чанның коронавирус жұқтырғаны жөнінде ақпарат тарады
Оңтүстік Кореяда 12 мың қазақстандық заңсыз жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу