Ринат Зайытов Дулат Ағәділді саяси ойын құрбаны деп атады

Oinet.kz 27-02-2020 3291

Елімізге белгілі айтыскер ақын Ринат Зайытов осыдан екі бұрын мәңгілік мекеніне аттанған қоғам белсендісі Дулат Ағәділге жыр жолдарын арнады. Ақын өлеңінен елінің ертеңі үшін қаймықпаған жанның саяси ерлігі саясаттың құрбаны болуға алып келгендігін жеткізді. Бұл туралы ол өзінің "instagram" парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

f466ca79-6d96-4306-9104-b59834338769.jpg

- "Еліме кішкентай болса да пайдам тисе екен деп жүрген, еш жазықсыз, алты баланың әкесі Дулат Ақәділ де жауыздардың саяси ойынының құрбаны болды. Өкінішті....

Халықты оңай алдай алатындар,

Аруаққа қара дақ жағатындар,

Соқыр, мылқау, саңырау, жүрексіздер,

Түк білмей, түк естімей қалатындар

Жек көремін сендерді!


Жазықсыға жүз жала жабатындар,

Өз ұлтына ұялмай шабатындар,

Төресінің көңілін табу үшін

Өз туысын өлтіре алатындар,

Жек көремін сендерді!


Ал қамаңдар, сабаңдар, ал атыңдар

Жұртты жазықты қыла салатындар

Қай дүниеде екенін Құдай білер

Бәріңнің жауап берер сағатың бар!

Жек көремін сендерді!!!" - деп жазды ашынған ақын.

Еске сала кетейік, бұған дейін қоғам белсендісі  Дулат Ағаділдің соңынан 6 баласы қалғандығын жазған болатынбыз.

Сенат қазақ қыздарына үйленіп жатқан қытайлар туралы мәселе көтерді
Қордайлық екі тұрғыннан ірі көлемде есірткі табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу