Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

14-інші перзентінің туылғанын елден жасырып отыр

01.11.2016 | 13:04

 

Әзірбайжанда Джаирли ауылында екі ай бұрын Талех Искендеровтің отбасында он төртінші перзенті дүниеге келді. Оған Гюнай деп ат қойған. Бірақ сәбидің туылғанын құпия күйінде ұстаған.

Жүргізуші болып жұмыс істейтін Талех Искендеров жаңа туған нәрестені құпия ұстауының себебін былайша түсіндіреді:

"Отбасымызда он үшінші сәби дүниеге келгенде, мен туралы басылымдар жазды. Көп балалы отбасы ретінде мемлекет тарапынан көлік, кір жуатын машина, балаға қажетті жылы киімдер уәде берді. Бірақ біреуін де істемеді. Мені таныстарымның көздерінше ұятқа қалдырды".

Талех Искендеровтің жасы 45-те, ал оның зайыбы Тюнзале Искендерованың жасы 37-де.

Олардың отбасында 19 бала дүниеге келген, бірақ бесеуі шетінеген. Қазір жеті ұлы және жеті қызы бар. Үлкен ұлы қазір әскерде борышын өтеп жүр.

 
Көрілді: 1092
Жаңартылған: 17.11.2016 | 14:22
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өмірдегі басты жаңалықтар, Өмір