Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Президент астаналықтарға велосипед тепкізуді ұсынды

Соның салдарынан кептеліс мәселесі шешілмей жатады

02.05.2013 | 18:35
Президент астаналықтарға велосипед тепкізуді ұсынды Астананы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте ол қала инфрақұрылымын дамытуға

"Қоғамдық көлікті дамыту қажет, жазда велосипедпен көп жүру қажет. Осыған қол жеткізуіміз керек. Автокөлік кептелісінің молшылығынан түтін ортасында қалмау мәселесін қазір шешу қажет", - деді Назарбаев. Астананы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте ол қала инфрақұрылымын дамытуға, жол қозғалысын ұйымдастыруға, жолдардың сапасын арттыру мен қозғалысты ыңғайлы етуге көңіл аудару қажеттігін баса айтты.

"Мен қызық бір идея туралы оқыдым. АҚШ пен батыс Еуропада мамандар автожолдар мен жолайрықтарды көбейткен тиімсіз деген шешімге келді. Себебі, жаңа жолдарды салудың нәтижесінде көліктердің саны артады. Соның салдарынан кептеліс мәселесі шешілмей жатады. Осыған байланысты қала автокөліктерінің санын азайту мәселесін өзгеше тәсілмен шешу ұйғарылды. Олар жолдар мен тұрақтардың салығын барынша арттырып, халықтың көлікпен жүруге деген ынтасын төмендетті. Осының арқасында қалаларда көлік қатынасы азайды. Ал кейбір тұрғындар одан мүлдем бас тартты. Қазір бірқатар дамыған мемлекеттерде автокөліктердің саны өсіп жатқан жоқ, керісінше, төмендеп келеді", - дейді Н.Назарбаев.

Көрілді: 1469
Жаңартылған: 26.04.2014 | 12:28
Категориялар: Мәдениет, Мәдениеттегі басты жаңалықтар