Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қазақстанға ұлттық киім мерекесі қажет пе?

01.04.2015 | 11:07
Қазақстанға  ұлттық киім мерекесі қажет пе?

              Жақын күндері күнтізбемізге тағы бір мереке қосылуы мүмкін. Тарихшы әрі жазушы Арман Нұрмағамбетовтің «Ұлттық киім күнін» атап өту туралы бастамасына әлеуметтік желілерде көпшілік бірден қолдау көрсетті. Автордың ойынша, тұрғындар сол күні жаппай қазақтың ұлттық киімін кию керек. Бұл мекерекені тойласақ, жеңіл өнеркәсіп пен туризм қарыштап дамиды деп сенеді.

 «Неге біз еуропалық киімді киіп жүреміз? Өзіміздің сәнімізді бағаламаймыз. Бір күн болса да жылда ұлттық киім бүкіл ел киіп шықса пайда көп. Бір жағынан әдемі болып шығады. Елестетіңізші қалалар, ауылдарда ұлттық киім киіп шығады», - дейді идея авторы  Арман Нұрмағанбетов. Тарихшы атаулы күн қазақтың бешпент, қамзол, шапанын киетін күннің кенжелеп қалған отандық жеңіл өнеркәсіп, туризм саласына да серпіліс беретініне сенімді. Ол мерекені сәуірдің соңы немесе қыркүйекте өткізу туралы ұсыныс білдіріп отыр.

 
Көрілді: 1444
Жаңартылған: 01.04.2015 | 11:08
Категориялар: Мәдениет, Мәдениеттегі басты жаңалықтар