Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Тұңғышбай Жаманқұлов. «Мәдениет министрі қалжыңдай береді..»

"Бұл көтеретін мәселе емес. Театрдың ішкі проблемасы бөлек"

25.09.2014 | 16:50
 Тұңғышбай Жаманқұлов. «Мәдениет министрі қалжыңдай береді..» Тұңғышбай Жаманқұлов, Қазақстанның театр қайраткерлері одағы төрағасы

Қазақстан театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов Мәдениет және Спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының сөзіне қатысты «oinet.kz» сайтына түсініктеме берді.  Естеріңізге сала кетсек, қыркүйектің 22-і күні Парламент Мәжілісінде өткен үкімет сағатында министр еліміздегі театрлар туралы сын айтып, сөзінің арасында «театр директорлары басты рөлді әйелдеріне беруді әдетке айналдырып жіберген..» деген еді. Сан жылдан бері жақындарымен бірге театрдың отымен кіріп, күлімен шыққан Тұңғышбай Жаманқұлов осы сөзге қатысты былай деді: «Бұл министр мырзаның әзілдеп айтқаны. Әрбір театрдың директоры өзі пьеса жазып, өзі қойып, өзі режиссер болып, кейде келіншегіне сүйікті рөлін береді дегені әзіл араластырылған сөз. Кезінде ондай жағдай болған. Әзірбайжан Мәмбетов те өзінің сүйікті актрисаларына рөл берген. Онда тұрған ешқандай айып жоқ. Ал енді кейде директордың әйелі де талантты болып шығады. Таланты болса директордың әйелі болғандықтан ойнамау керек пе? Онда бұл қалай? Өзі жазып, өзі қою деген мәселені халықтың бәрі біледі. Мынау Мүсірепов атындағы театрды басқарған менің досым – Талғат Теменов жайында айтылған әзіл әңгіме. Өзі жазды, өзі қойды, өзі аударды дегендей... Ондай ондай болып тұрады... Бірақ, бұл көтеретіндей үлкен проблема емес. Театрдың ішкі проблемасы  басқа. Яғни, шығармашылық өре мен қарым

 
Көрілді: 2493
Жаңартылған: 25.09.2014 | 17:03
Категориялар: Мәдениет, Мәдениеттегі басты жаңалықтар
Белгі: мәдениет, театр, Тұңғышбай Жаманқұлов


Тақырыпты басқа мақалалар