Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Отандық саясаттанушы елдегі жаңа өзгерістерден не күту керектігін айтты

28.12.2018 | 17:53
Отандық саясаттанушы елдегі жаңа өзгерістерден не күту керектігін айтты

Күні кеше Елбасы бірнеше жаңа министрдің тағайындалуы мен жаңа министрліктің құрылуы жөнінде жарлыққа қол қойған болатын. Бұл тұрғыда белгілі саясаттанушы билікте орын алған өзгерістер мен кадрлық алыс-түйістен не күтуге болатыны жөніндегі пікірімен бөлісті. Өз ойын Талғат Қалиев Telegram каналында жария еткен. "Инвестиция және даму министрлігінің индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі болып өзгертілуі Елбасы жолдауының жалғасы болмақ. Ол қарапайым заттар экономикасы арқылы индустрализациялау мен бірегей өңірлік стандарттарды жасақтау бөлімін құрамақ. Бұл салаға міндетті түрде көлік мәселесі кіреді. Заман дамып кеткен шақта ол қозғалыс түрі болмай, инфрақұрымының ажырамас маңызды бөлігі болып кеткен. Бұл жағдай министрліктің жұмысын нақтылап, ішкі дамуға жіті мән бермек. Инвестиция тарту мәселесі Ұлттық экономика және Сыртқы істер министрліктеріне берілді. Бұл тұрғыда, біріншісі экономиканы инвестициялық қызығушылық позициясынан үйлесімділігін арттырса, екіншісі - шетелдік мекемелерді инвестиция тарту үшін барынша тырысуы қажет" , - деді саясаттанушы. Осыған байланысты, саясаттанушы Бейбіт Атамқұловтың тағайындалуын орынды деп есептейтінін айтты. "Себебі ол өңірге басшылық етіп, өндірістік министрлікпен жұмыс істеп көрген жалғыз кадрлық дипломат. Яғни, Атамқұлов экономика секторының жұмысы қалай іске асырылатыны жөнінде хабардар. Ал, Асқар Жұмағалиевтің Қорғаныс және әуеғарыштық өндіріс министрлігінің басшылығына келуі цифрландыру мәселесінің бұл ведомствоға өтуіне әкеп соғары анық. Сонымен қоса, аталмыш министрлікке коммуникациялық саласы да ауысуы мүмкін. Оған, Жұмағалиевтің ХҚКО-мен сәтті жұмысы дәлел болмақ. Мұндай жағдайда, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі атауының жартысынан айырылып қалуы да ғажап емес. Жыл әлі басталмады. Бірақ қызықты болары анық," - деп жазуда Қалиев.


 
Көрілді: 207
Жаңартылған: 28.12.2018 | 17:53
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар