Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

«SMART Рухани жаңғыру» мобильді қосымшасы жасалды

31.10.2018 | 09:45
«SMART Рухани жаңғыру» мобильді қосымшасы жасалды

Жобаны өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинге Ақмола облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова және «ІТ-Expert.Asia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Алексей Николаев журналистерге таныстырды.

«Бүгін цифрлық технологиялар ел экономикасында үлкен роль атқарады. Бұл - қоғам алдына қойылған талап, қазіргі заман шарты. Біз заманауи технологияларды игерсек қана ең дамыған елдермен тең бола аламыз. Осы орайда, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы рухани серпіліске жол сілтеуші бағдар болмақ», - деді  Айна Мысырәлімова бағдарлама шеңберінде аймақта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала келе.
Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, Елбасының бастамасымен қолға алынған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде өңірде «Ашық әкiмдiк», «Smart денсаулық сақтау», «Smart бiлiм беру», «Smart agro», «Smart көлiк», «Smart ТҮКШ», «Қауiпсiз қала», «Инновациялық алаң» сияқты бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Енді, міне «Рухани жаңғыру» бағдараламасы шеңберінде «SMART Рухани жаңғыру» мобильді қосымшасы жобасы әзірленіп отыр. Брифингте айтылғандай, жобаны облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «ІТ-Expert.Asia» серіктестігі қолға алып отыр.

Жоба авторының айтуынша, оны жасау барысында картасы бар web-сайт, интерактивті жол сілтеуші, 360 градустық бейне-ролик қолданылып, ол инертактивті панелге орналастырылған. Бұл интернет-ресурста мәдениет саласындағы,  меценаттық, қайырымдылық шаралары және Ақмола облысының танымал тұлғалары туралы ақпараттар бар. Оған қоса, Ақмола облысындағы  44-ке жуық киелі орындар енгізіліп отыр. Алдағы уақытта оның саны 200-ге дейін жеткізілмек.

 
Көрілді: 50
Жаңартылған: 05.11.2018 | 09:51
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар