Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Ақмола облысында мәслихат депуттарының сайлауы өтті

30.10.2018 | 09:36
Ақмола облысында мәслихат депуттарының сайлауы өтті

Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділхан Шаяхметовтың айтуынша, Ақмола облыстық сайлау комиссиясы 2018 жылғы 24 тамыздағы №53/30 қаулысына сәйкес, қазанның 28-і күні өтті. Сайлауға дайындық шаралары мен оны өткізуге барлығы 48 сайлау комиссиясы тартылды. Оның 1-уі облыстық, 1-уі қалалық аумақтық, 4-уі аудандық аймақтық, 8-і округтік және 34-і  учаскелік сайлау комиссиясы..

«Қазанның 28-і күні өткен сайлауға барлығы 23441 сайлаушы қатысты. Ұсынылған 27 үміткердің 24-і тіркелді. Сайлау өткізілген күні барлық сайлау учаскелерінде үміткерлердің 25 сенімді өкілдері, оның ішінде «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің 11 байқаушысы, 12 сенімді өкілі болды. Сайлау қорытындысы бойынша сайлаушылар мен байқаушылар тарапынан арыз-шағым түскен жоқ», - деп түсіндірді Әділхан Шаяхметов.

 
Көрілді: 45
Жаңартылған: 05.11.2018 | 09:45
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар