Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Ақтауда экс-полицей контрабандамен ұсталды

24.10.2018 | 16:47
Ақтауда экс-полицей контрабандамен ұсталды

Ақтау-Форт-Шевченко бағытындағы тас жолдың 43-ші шақырымында Тойота Королла автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде  110 дана, яғни 318 келі бекіре шыққан. Заңсыз тасымалмен айналысып жүрген Маңғыстау облыстық полиция департаментінің бұрынғы қызметкері болып шықты. Ол өзінің мерзімі өтіп кеткен қызметтік куәлігін көрсетіп, айласын іске асырмақ болған. Алайда сақшылар зейнетке кеткен полиция майорының үстінен қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастап кетті.

«Оған қатысты ҚР ҚК 339-бабы, 1-тармағымен іс қозғалып, тексеру жұмыстары басталды. Браконьерлерге қанша жерден тосқауыл қойсақ та, Қызыл кітапқа енген бекіре тұқымдас балықты аулауды тоқтатар емес. Екі күндік жедел профилактикалық іс-шара кезінде табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері осындай 2 фактіні тіркеп, 541 келі бекіре тұқымдас балығын тәркіледі»,-дейді

 
Көрілді: 68
Жаңартылған: 24.10.2018 | 17:09
Категориялар: Басты жаңалықтар