Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Келес ауданының бүлдіршіндері көпшілікті тәнті етті

20.10.2018 | 16:47
Келес ауданының бүлдіршіндері көпшілікті тәнті етті

Келес ауданының орталығы Абай ауылында орналасқан «Адема» бөбекжай-бақшасында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Келесім - келбетім» атты концерттік іс-шара болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шараға Абай ауылы әкімі Е.Абдирахманов, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Д.Илесов, білім бөлімі басшысының орынбасары М.Омаров, сонымен қатар аудандық мәслихат депуттары, бүлдіршіндердің ата-аналары қатысты.
Іс-шарда Келес ауданының тарихынан сыр шертетін қойылымдар қойылып, балабақша тәрбиешілері мен бүлдіршіндер әсем ән жолдап, мың бұрала биімен жиылған қауымның ықыласына бөленді. Жиын соңында Абай ауылы әкімі Е.Абдирахманов және аудандық мәслихат депуттары «Адема» бөбекжай-бақшасы ұжымына және бүлдіршіндердің өнеріне биік баға беріп, алғыстарын айтты.


 
Көрілді: 102
Жаңартылған: 22.10.2018 | 16:54
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар